|
|
Жаңалықтар | Маңызды ақпарат
|
|
Құрметті клиенттер – жеке тұлғалар!
БТА Банк ҚР «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында 2012 жылдың 1 қантарынан бастап жеке сәйкестендіру нөмірлеріне ауысу жүзеге асырылатындығын хабарлайды. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлғалар үшін қалыптастырылатын бірегей нөмірі (1998ж. 1 қаңтарынан бастап жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілетін 12 белгіден тұратын сандық код). 2012 жылдың 1 қантарынан бастап ҚР резиденттерінің және резидент еместердің жеке басын растайтын құжаттар ЖСН болмаған жағдайда жарамсыз болып танылады.
2012 жылдың 1 қантарынан бастапЖСН мына жағдайларда қолданылады:
Осыған байланысты, клиенттер-заңды тұлғаларға үздіксіз қызмет көрсету мақсатында 2011ж. 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде Банкке жеке сәйкестендіру нөмірлерін ұсыну қажет. 2012 жылдың 1 қантарынан бастап клиенттерге банктік қызмет көрсету (төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу, шоттар ашу және қызмет көрсету) келесі жағдайларда мүмкін болмайды:
Егер Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатта ЖСН нөмірі болмаған жағдайда, тұрақты тұрғылықты мекенжай бойынша жаңа құжаттарды алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгінулеріңізді сұраймыз. Осыдан кейін Банкке көрсету керек. Толық ақпаратты Сізге қызмет көрсететін БТА Банктің бөлімшесінен алуыңызға болады. |
|
© 2006—2010 АО «БТА Банк». Все права защищены. |