|
|
Жаңалықтар | Маңызды ақпарат
|
|
Құрметті клиенттер!
Сіздердің БТА Банкінің Байланыс орталығының қол жетімділігін арттыру туралы ұсыныстарыңызды басшылыққа ала отырып, біз, Kcell, Activ, Beeline, TELE2, Dalacom, Pathword сияқты, барлық қазақстандық ұялы байланыс операторларының абоненттері тегін қоңырау шала алатын – 7111 – жаңа қысқа нөмірін қостық. 7111 жаңа қысқа нөмірімен қатар, сіздерге белгілі Байланыс орталығының келесі нөмірлері өзінің жұмысын жалғастырады:
Бүгінгі күнге дейін Байланыс орталығына Beeline абоненттері қоңырау шалған 0577 қысқа нөмірі жақын арада өзінің жұмысын тоқтатады. Біздің Байланыс орталық тәулік бойы, демалыссыз және түскі үзіліссіз жұмыс істейтіндігін естеріңізге саламыз, сондықтан БТА Банкінде қызмет көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта хабарласа аласыз. Біздің операторлар Сіздің қоңырауыңызға міндетті түрде жауап береді, БТА Банкінің өнімдері мен қызметтерінің шарттары бойынша кеңес береді және тарифтер, комиссиялар және барлық қажетті құжаттар туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Егер БТА Банкінен кредит алуға, депозит ашуға немесе карточканы ресімдеуге ниет білдірсеңіз, біздің мамандар Сіздің өтініміңізді тіркеп, Сіз келе алатын ыңғайлы уақытты және бөлімшені таңдауды ұсынады. |
|
© 2006—2010 АО «БТА Банк». Все права защищены. |